13 Ақпан, 2014

Дәстүр жалғастығы

446 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
КансонарЕлімізде аңшылық шаруашылық жаңа деңгейге көтерілмек. Соның жарқын бір дәлелі – кеше Ұлттық академиялық кітапханада республикалық ақпараттық-танымдық «Қансонар» журналының тұсаукесер рәсімінің өткізілуі. Бұл басылымның жарық көруі аңшылық дәстүр жалғастығының өріс алуына өзіндік септігін тигізеді деп күтілуде. Тұсаукесер рәсімінде сөйлеген сө­зінде «Қансонар» аңшылардың қо­ғам­­дық бірлестіктері мен аңшы­лық шаруа­шы­­лы­ғы субъек­тіле­рі­нің республикалық қауым­дастығының төр­­ағасы Оралбай Әбді­кә­рімов аңшылық шаруа­шы­лығы туралы ақпарат бере кетті. Төрағаның айтуынша, 2012 жылғы 29 қаңтарда күшіне енген «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңның жаңа редак­циясына сәйкес, елі­міз­дің аңшылық жұрт­шы­лығы мен аңшы­лық шаруа­шылығы субъек­­тілерінің алдына рес­пуб­ли­калық қауым­дастық құру міндеті қойы­лып және мем­лекет тарапынан қауым­дастыққа жануар­лар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өз өкі­леттіктерінің бір бөлігі берілген-ді. «Осылайша, аңшылық шаруашылығын басқару және жүргізу мәселелері бойынша мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестік қатынастарды қалыптастырудың құ­қық­тық негіздері жасалды», деді О.Әбді­кәрімов. «Қансонар» журналының бас редакторы Сағидолла Көшімбаевтың сөзіне қарағанда, журнал тоқсанына 1 рет, ал жы­лына 4 рет мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарық көреді. Болашақта ағылшын тілінде шығару жоспарланып отыр. Журнал қызметкерлері аңшылық шаруашылықтарында зерттеулер жүргі­зіп, дәстүрлі аң аулауды қолдауға, еліміз бен шетелдердегі аңшылық тәжі­ри­белер мен турларды, браконьерлермен күресті насихаттауға үлес қосады. Және де Қазақстанның СИ-АИ-СИ-ге кіріп, әлем­дік қоғамдастықтың толық­қанды мүшесі атануына, жануарлар мен кемір­гіштер арасында залалды аурулардың тарамауына қолғабыс ету жоспарланып отырғаны алға тартылды. Сондай-ақ, аңшылық құрал-сайманы, аңшы ит­тер, жабайы жануарлар туралы танымдық мағ­лұ­маттар беріліп, көркем безендірілген басылым студенттер мен мектеп оқушылары үшін де қы­зықты етіп жасалмақ. Бұдан басқа, еліміздің көрікті жерлері көрсетіліп, ұлттық парк­тер мен жан-жануарлар әлемімен таныс­тыру жүзеге асырылады. Әсіресе, атақты жазушылардың ғажап сәттер жайлы жазбалары, аңшының әзіл-қалжыңдары мен осы тақырыпта жазатын азаматтардың шығармаларын басу көзделген. Сонымен, «Қансонар» республикалық ақпараттық-танымдық журналы әзірге 1 мың данамен жарық көруде. Алда жазылу арқылы таралады деп күтілуде. Журналға 2014 жылдың екінші жартысынан «Қазпошта» АҚ арқылы 74728 индексі бойынша жазылуға болады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».