Алматы облысында 300-ден астам улы жыланды асыраған азамат ұсталды. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.
Алматы облыстық ішкі істер департаменті қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қарасай ауданына қарасты Береке ауылы тұрғынының шаруа қожалығында 300 қарасұр жылан мен 10 орта азиялық әбжылан бар екенін анықтады. Сондай-ақ сол жерден уға толтырылған шыны ыдыстар табылған.Бір ескерерлігі, бұл жыландар Қазақстанның рептилия фаунасының тізіміне енгізілмеген.
Құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша, елімізде қарасұр жылан мекендемейді. Сондықтан оны күдікті контрабандалық жолмен Түрікменстаннан әкеледі екен. Ал орта азиялық әбжыланды ТМД аумағынан кездестіру тіпті мүмкін емес.
Жалпы, аталған жыландар адам өмірі үшін өте қауіпті. Дегенмен, оларды синтетикалық есірткі жасауға пайдаланады деген дерек бар. Қазір ұсталған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: Gazeta.kz.
Фото: Gazeta.kz.

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше