Әлем • 15 Қазан, 2021

Франция COVID-19-ға қарсы екпе алуды міндеттелмейтін болды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның парламент сенаты коронавирусқа қарсы міндетті вакциналау заң жобасын мақұлдаған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Франция COVID-19-ға қарсы екпе алуды міндеттелмейтін болды

Депутаттардың басым бөлігі дауысқа салынған құжатқа қарсы шықты.

Естеріңізге салайық, Францияда социалист сенаторлар COVID-19-ға қарсы вакциналауды міндетті етуді көздеген. Тиісті заң парламенттің жоғарғы палатасында қаралуы тиіс болды. Алайда шенеуніктердің көбі тұрғындарды міндеттеуді жөнсіз деп санады. Айтуынша, онсыз да вакцина төлқұжатының еңгізілуі арқылы елде екпе егу науқаны бір ізге қойылған.

«Міндетті вакциналауға қарсымыз. Індеттің қауіптілігі жайындағы ақпарат жұмысы оң нәтиже берді. Соңғы айларда отандастарымыз көптеп екпе салдыра бастады», деді Францияның отбасы мен балалық шақ жөніндегі мемлекеттік басқарманың хатшысы Адриен Таке.

Бүгінде Франция халқының 90 пайызы егілген. Десе де 65 жастан асқандардың көбі әлі де вакцина қабылдамаған дейді мамандар.

«Міндетті вакциналау ұсынысы тым кешікті деп есептеймін. Мәселен, бүгінге дейін 12 жастан асқандардың 85 пайызы екпе салдырды. Вакциналау науқаны карқынды. Шын мәнінде екпе қабылдауға қарсы болып отырғандар бірен-саран ғана», деді Франция сенатының депутаты Вероник Гийотен.