Ауғанстанды теңдессіз қиындықтармен жалғыз қалдырмауымыз қажет. Бұл туралы ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі заман болмысы ТМД-ның қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық тетіктерін жетілдіруді талап етеді. Бұл саладағы біздің өзара іс-қимылымыздың негізгі контурасы Әскери ынтымақтастық тұжырымдамасында, сонымен қатар 2025 жылға дейін сыртқы шекараның шекаралық қауіпсіздігін нығайту бағдарламасында белгіленген. Бұған қоса, жүргізілер жұмыста терроризм, діни экстремизм, есірткі саудасынан туындайтын сын-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру мәселелеріне ерекше басымдық беру қажет. Бұл сын-қатерлер Ауғанстанда орын алған жағдайға байланысты бірінші кезекті мәнге ие болып отыр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ҚР Президентінің атап өтуінше, Қазақстан ауған мәселесінде БҰҰ ұстанымын қолдайды. Бұл елдегі күрделі гуманитарлық жағдай бүкіл әлемдік қоғамдастықтың назарында болуы тиіс.
«Біздің саяси көзқарасымыз бен жеке наным-сеніміміз қандай болса да, Ауғанстанды теңдессіз қиындықтармен жалғыз қалдырмауымыз қажет. Бұл істегі нақты үлес ауған халқына гуманитарлық көмек болмақ. Қазақстан қазірдің өзінде азық-түлік пен бірінші қажетті тауарларды жеткізуге кірісіп кетті. Бұл жұмысты жүйелеу үшін Ауғанстанға халықаралық көмек көрсету жөніндегі логистикалық хаб құруды ұсынамыз. Ауғанстанға дағдарыстың өткір кезеңін еңсергеннен кейін де БҰҰ институттары тарапынан мұнан арғы да жүйелі қолдаудың қажет болатындығы сөзсіз. Осынау маңызды міндетке біз ұсынып отырған Алматыда БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру туралы бастама жауап бере алады. Достастық елдері осы жоспарлардың жүзеге асырылуына жәрдем беретіндігіне үміттенеміз», деді Мемлекет басшысы.
Саясат • Кеше
Коронавирус қайталануы мүмкін бе?
Коронавирус • Кеше
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Тұтылып тұрып, құтылып кеткені қалай?!
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Қыздар, қыздар... » әні қалай өмірге келді?
Өнер • Кеше
«...Махаббатыма маңдайды сүйеп өлемін»
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Экология • Кеше
Биылғы жылдың «Барысы» – Исағабылов
Күрес • Кеше
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Kids Go Free: 300-ден астам бала тегін ұшты
Қоғам • Кеше
Алматыдағы Сайран көлінен ішек таяқшалары анықталды
Аймақтар • Кеше
Түркістанды түркітілдес елдердің туристік астанасы ету ұсынылды
Аймақтар • Кеше
Алматының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Коронавирус • Кеше
Президент стрестік активтер нарығын дамыту бойынша заңға қол қойды
Президент • Кеше
Президент волонтерлік қызмет туралы заңға қол қойды
Президент • Кеше
Алматы қаласының жаңа бренді жасалады
Аймақтар • Кеше
Елордада туристік ақпараттық орталық ашылады
Туризм • Кеше
Олжас Сыдықбек жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Mecenat.kz әдеби байқауының жеңімпазы анықталды
Әдебиет • Кеше
Шымкентте Қонаев даңғылы ашылды
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Бақыт Сұлтановты қабылдады
Президент • Кеше
Алматыда «Бақорда» базарынан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Семейде көпқабатты үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады
Аймақтар • Кеше
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар