Аймақтар • 15 Қазан, 2021

Алматыда қоғамдық орындарда дабыл батырмалары орнатылады

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының қоғамдық орындарында SOS дабыл батырмалары орнатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда қоғамдық орындарда дабыл батырмалары орнатылады

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлімдеді.

«Алматыда адамдар жиналатын орындарда SOS батырмалары орнатылатын болады. Қазір конкурстық жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алу жарияланатын болады. Бұл батырмалар арқылы кез келген адам қандай да бір келеңсіз оқиғалар туралы хабарлай алатын болады. Менің ойымша, бұл жақсы нәтиже береді», деді Қанат Таймерденов.

Спикердің сөзінше, бірінші кезеңде 30 батырма іске қосылатын болады.