Коронавирус • 15 Қазан, 2021

Шетелдік вакциналар ақылы болады

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелдік вакциналар ақылы болады

Денсаулық сақтау министрі Қазақстан ішінде шығарылатын вакциналар тегін вакциналар болып қала беретінін айтты.

«Біз Қазақстанда басқа елдерге қарамастан, клиникалық тиімділігі дәлелденген өз вакцинамызды шығара аламыз деп болжап отырмыз, біз бұл вакцинаны тегін кепілдендірілген көлем аясында өзімізде сатып алатын боламыз. Бұл ретте қалған вакциналар, сондай-ақ бүгінгі күні тұмау бойынша қалған екпелер бойынша коммерциялық айналымға жіберіледі, яғни нарықта. Біз қазір компанияларды осы вакциналарды Қазақстан нарығына жеткізіп, өз қызметтерін ұсыну үшін үгіттеп жатырмыз», деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.