Көкшетауда аудандық және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен сол салаға жауапты мамандардың қатысуымен әдістемелік семинар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Жиында Ақмола облысының ұлттық топонимиясы туралы зерттеулер барысында анықталған бастапқы тарихи-географиялық атауларын қалпына келтіре отырып, елді мекендерді қайта атау мәселелері талқыланды.
Семинарды ашқан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Кәрімова соңғы 3 жылда осы салада атқарылған жұмыстардың қорытындыларына тоқталды.
«Біздің облыста ономастика саласында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. 2018-2020 жылдары 1000-ға жуық көше мен 30-дан астам елді мекен атауы өзгертілді, көптеген нысандарға танымал тұлғалардың есімдері берілді», деп атап өтті Гүлмира Кәрімова.
Оның айтуынша, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы екі жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөліп келеді.
Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің археология және этнология факультетінің профессоры Жамбыл Артықбаев және ҚР Ұлттық музейінің қызметкері Ирина Бекзатқызының ғылыми ізденістерінің арқасында 120-дан астам елді мекеннің тарихи атаулары табылып, ол мұрағат құжаттарымен расталады.
Семинарда тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Талпақова қатысушылардың назарын ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыруда талаптарды сақтау қажеттігіне аударса, осы бөлімнің бас маманы Әсем Жұмағұлова елді мекендер мен оның құрамдас бөліктерінің атауларын өзгертуге қатысты құжаттарды ресімдеу тәртібіне назар аударды.
«Атауын өзгерту мәселесі өте маңызды, ол сыпайылық пен ойланушылықты талап етеді. Мұнда тек құқықтық салада әрекет ету керек, арнайы нормалар, ережелер бар, олар арқылы елді мекендердің тарихи атауларын өзгертуге болады», деді ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Жаңа Қазақстан» – арнайы жүлде
Саясат • Кеше
Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады
Спорт • Кеше
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Технология • Кеше
Құмар ойынға құныққандар елімізде 350 мыңнан асады
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Оқиға • Кеше
Аптап ыстық: Еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Кеше
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Кеше
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Кеше
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Кеше
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Кеше
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Кеше
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Кеше
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар