Бұл туралы ТАСС мәлім етті.
Эпидемия басталғаннан бастап Ресейде коронавирус салдарынан 222 315 өлім оқиғасы тіркелді.
Қауіпті вирустан көз жұмғандар саны (соңғысы эпидемия аяқталған соң ғана белгілі болады) 2,79 пайыз деңгейінде қалып отыр.
Атап өткенде, тәулік ішінде қауіпті вирустан Мәскеуде 72 өлім оқиғасы тіркелсе, Санкт-Петерборда 67 адам, Краснодар өлкесінде – 41 адам, Свердлов облысында – 38, Башқұртстанда – 36, Ростов облысында – 33, Ставрополь өлкесінде – 32 адам көз жұмды.