Қоғам • 17 Қазан, 2021

Талқылайтын уақыт келді

1629 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Халық арасында сын айтылып жүргенімен, ұлттық жобалар институтының бірқатар жағымды жағы бар.

Біріншіден, мемлекет жүйелі. Біраз уақыт бұрын мемлекеттің жоспарлау пирамидасы үнемі жаңа және бір-бірімен байланысты емес құжаттарға толығып отырды. Олардың мақсаты қатардағы азаматқа түсінікті бола бермейтін. Президент 26 қаңтарда 2025 жылға дейін орындалуы керек 10 жалпыұлттық басымдық бойынша Жарлыққа қол қойды. Бұл – абстрактілі мақсаттар туралы емес, азаматтар үшін түсінікті тақырыптар. Яғни бағдарламалар денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік, күшті экономика және аумақтық даму туралы болмақ.

Талқылайтын уақыт келді

Осылайша, мемлекеттік аппаратқа белгі жіберілді. Артық пікірталастар тоқтатылып, 10 басымдықтың шегінен шықпау керегі түсіндірілді.

Енді 10 басымдықты іске асыру үшін 10 ұлттық жоба бекітілді. Мемлекеттік саясат болжанады және ол түсінікті болмақ. Ең бас­тысы, азаматтарға бағытталған.

Екіншіден, Президенттің Жолдауында айтылған іс-қимылдардың уақыты келді. Бұрын да, әлбетте, мемлекеттік бағдарлама­лар болды. Олар көбіне бюрократиялық құрал­­ға айналған ауқымды құжаттар, статис­тика­лық деректердің тиімсіз жинағы, мейірім таны­тыл­ған кейіптегі ресмиленген ше­шімдер. Әр абзацты мағынасын жоғалтпай­тындай етіп бірнеше сөзге дейін қысқартуға болатын еді.

Мемлекеттік аппарат нақты саясат бағ­дар­ламалардың өзінде емес, іс-шаралар жос­пар­ларында екенін түсінді. Онда нақты іс-әрекеттер, жауаптылар, мерзімдер және ең бастысы бюджеттер көрсетілген. Көбінесе іс-шаралар жоспарлары мемлекеттік бағдар­ламаның өзімен нашар байланысатын. Бірақ егер соңғысы кеңінен қамтылса, онда жоспар министрлер кабинетінде үнсіз жасалатын.

Енді бізде шын мәнінде іс-шаралар жос­пары бар. Талдау бөлімі ешқайда кетпеді, министрліктер мен агенттіктерде бұл жұмыс­ты жылдар бойы жүргізіп келе жатқан тұтас институттар бар. Енді азаматтар 2025 жылға дейін мемлекет нақты не істейтіні туралы біліп, көре алады.

Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық жобаларды олардың қарапайымдылығына байланысты көп адамдар оқымақ. Бұл дегеніміз – мемлекеттік органдарға көбірек сұрақ қою, яғни сапалы орындауды талап ету. Бұған дейін, «мемлекеттік бағдарламаны кім оқыды?» деген сұраққа азаматтар былай тұрсын, тіпті шенеуніктер арасында 2-3 адам ғана қол көтеретін.

Үшіншіден, қарастыру мен қабылдаудың бір мезгілде болуын атап өткен жөн. Бұрын әр мемлекеттік бағдарламаның өз мерзімі болған, сол кезде тек 1 немесе 2 бағдарлама қарастырылған. Бір жағынан, бұл оларды сапалы талқылауға мүмкіндік берді. Бірақ екінші жағынан, мемлекеттік жоспарлаудың жалпы көрінісі жоғалды. Оған дейін қабыл­данған бағдарлама аздап ұмытылып үлге­ретін. Ең маңыздысы – бюджеттік шектеулер ескерілмеді, «кім үлгерді – соның» қағидасы қолданылды.

Үкімет Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің идеясын қолдады және барлық ұлттық жобаны бір уақытта қарау­дың бірнеше раундын өткізді. Бұл, мысалы, кей­­бір жеке бизнес-жобаларды мектептер, ауру­ханалар мен жолдардың қажеттілігімен салыстыруға мүмкіндік берді немесе экономика ішінде өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлігі бар агроөнеркәсіптік кешен сияқты салаларды ескеруге жол ашты.

Бірге теңдестірілген құжаттар пайда болды. Ауыз су, кәріз, жылу, жолдар, мектептер мен ауруханалар сияқты адамдар өзгерісті сезе алатын салаларға үлкен бюджеттер бөлін­ген. Әлеуметтік блок дәстүрлі түрде эконо­микалық дайындықтан төмен болса да, мұндай форматтан көп пайда көрді.

Жағдай әлдеқайда жақсарды. Қарапайым мысал келтірейік, бұрын сіз интернеттен бар­лық мемлекеттік бағдарламаның тізімін та­ба алмайтынсыз. Ал енді ұлттық жобалар тү­сі­нікті. Талқылау уақыты келді, оның ішін­де жа­­ғым­сыз пікір де болуы мүмкін. Бұл мемле­кет­тік аппаратқа пайдалы болады деп ойлаймын.

 

Қуаныш ЖАЙЫҚОВ,

Зерттеу және консалтинг

 орталығының (CRC) серіктесі