14 Ақпан, 2014

Экономикаға оң әсерін тигізеді

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Салық кірістері мен мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі көздерінің бірі – экономикадағы шикізат секторының экспорттық түсімі. Осыған байланысты теңге бағамының өзгеруі мемлекетке экономиканы дамытудағы бұрын жоспарланған бағдарламаларды орындау бойынша бұрын қабылданған шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шикізат секторындағы ірі компания өкілдерінің атынан және өз тарапымыздан біз сияқты компаниялар экономиканың қозғаушы күші болып табылатынын атап өткіміз келеді. Осы шара жылдық жұмыс бағдарламаларын орындау мақсатында  қазақстандық нарықтағы тауар және қызмет өндірушілеріне сұраныс санын арттыруға, тұрақты негізде жергілікті білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мемлекет экономикасының одан әрі дамуына жалпы оң әсерін тигізуі керек. Бұл шара әлемдегі әлі басылмаған дағдарыс кезеңінде Үкіметтің дұрыс қадамы болып табылмақ. Серікжан СЕЙІТЖАНОВ, «Саутс Ойл» ЖШС президенті. Маңғыстау облысы.