Қазақстан • 18 Қазан, 2021

Анар Жаилғанова БҰҰ Бас хатшысының көмекшісімен кездесті

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰДБ Еуропа және ТМД елдері бойынша өңірлік бюросының директоры Мирьяна Сполярич Эггермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анар Жаилғанова БҰҰ Бас хатшысының көмекшісімен кездесті

Агенттік төрағасы Эггер ханымға және БҰҰ даму бағдарламасына Агенттіктің бастамаларын қолдағаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ Агенттіктің мемлекеттік қызметті цифрландыру, мемлекеттік аппараттың әлеуетін дамыту және Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөніндегі жобалары туралы айтты.

Өз кезегінде Мирьяна Сполярич Эггер ханым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүргізіп жатқан жұмыстың маңыздылығын, атап айтқанда, «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізудегі адами капитал мен цифрландырудың маңыздылығын атап өтті.

Қорытындылай келе, екі тарап ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, әрі қысқа және орта мерзімді перспективада жобаларды бірлесіп іске асыруға ниет білдірді.