14 Ақпан, 2014

Инновация жемісі

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы биылғы Жолдауында инновацияға айрықша назар аударды. Бұйыртса, енді ұтқыр және мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, робот техникалары мен гендік инженерия, болашақтың энергиясын іздеу және ашу сияқты экономиканың жаңа салалары қалыптасады. Осы орайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Ин­­форм-сервис» мекемесін құру туралы шешімнің дұрыс болғанын уақыттың өзі көрсе­тіп отыр. Оны дәйекпен бекітсек, нақты уақыт тәртібінде қызметтер ұсынудың iService ақпараттық жүйесі әзірленген. Жылдам жүйе жүк жөнелтуші клиенттер ғаламтор арқылы онлайн жағдайда өз елімізде, сондай-ақ, ТМД және Балтық жағалауы елдерінің аумағындағы өз вагондары жөнінде толық мәлімет алып тұра алады. Тіпті қалай орналасуы, қанша жол жүріп өткені, жарамсыздықтары, тұрып қалу себебі сияқты кілтипандардың байыбына қанығуға мүмкіндік береді. Мұнымен бірге, «Қазтеміртранс» АҚ вагон паркін басқарудың автоматтандырылған жүйесінің бағдарламалық кешені үшін шұғыл тәртіпте қоғам вагондарының орналасуы туралы ақпарат алудың бағдарламалық құралы түзілген. Ол жергілікті теміржол әкімшілігінде вагондарды бақылап, жолдағы қалыптан тыс оқиғаларға жедел үн қатуды, пойыз қозғалысын дұрыс болжап, тасымал үдерісіне қатысушылармен есеп айырысу ауыртпалықтарын жеңілдетеді. Ал, «Кедентранссервис» компаниясына вагон паркін жедел басқаруға қажетті ақпараттық қызметтердің барлығын жедел беруге қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тиісті құжаттарға қол қойылған. «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ пен Тасымалдау үдерісі дирекциясының ортақ тірлігіне қатысты күзеті­летін жүкті есепке алудың бағдарламалық құралы жасалған. «Егемен-ақпарат».