Теннис • 18 Қазан, 2021

Елена Рыбакина WTA рейтингінде бір сатыға төмендеді

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Елена Рыбакина WTA рейтингінде бір сатыға төмендеді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бір сатыға төмендеп, 17-орынға жайғасты. 

Юлия Путинцева да бір орынға сырғып, 44-сатыдан көрінді. 

Ал ресейлік Вероника Кудерметовамен жұптасып, Индиан-Уэллс турнирінің финалына шыққан Рыбакина 48-орынға жайғасты. 

Анна Данилина үш сатыға көтеріліп, 81- орынға тұрақтады.