Қазақстан • 18 Қазан, 2021

Ең көп импортталатын азық-түлік өнімдері белгілі болды

877 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрлігі ең көп импортталатын азық-түлік өнімдерін анықтады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ең көп импортталатын азық-түлік өнімдері белгілі болды

«Коронавирустық пандемия көрсеткендей, ішкі нарықты қамтамасыз ету басты міндет болып табылады. Сондықтан, басым экспорттық саясатпен қатар, импортты алмастыру мәселелері кешенді түрде шешілетін болады. Министрлік құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, алма, қант және балық сияқты ең көп импортталатын позицияларды анықтады», деп атап өтті министр.

Бүгінгі таңда осы бағыттардың әрқайсысы бойынша нақты инвестициялық жобалар анықталып, іске асырылуда. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде жеңілдікті кредиттеумен, субсидиялаумен, жер ресурстарымен, инфрақұрылыммен, сондай-ақ ішкі нарықты қорғау жөніндегі шаралармен қамтамасыз ету бойынша іске асырылатын болады. Нәтижесінде 2024 жылға қарай қантты қоспағанда, өнімнің осы түрлері бойынша қамтамасыз етілу 100%-ды, ал қант бойынша - 80%-ды құрауы тиіс.