Әлем • 18 Қазан, 2021

Кореяда екі қазақстандық төбелесіп, біреуі көз жұмды – СІМ

794 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Корея республикасының Чонджоу қаласында екі қазақстандық азамат арасында жанжал шығып, соның салдарынан біреуі мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кореяда екі қазақстандық төбелесіп, біреуі көз жұмды – СІМ

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

«2021 жылғы 12 қазанда Корея Республикасының Чонджу қаласында екі қазақстандық азамат арасында болған тұрмыстық жанжалдың салдарынан біреуі пышақ жарақатынан қайтыс болды. Қазіргі уақытта күдікті тұтқындалып, тергеу изоляторына қамалды. Сеулдегі ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі марқұмның денесін Қазақстанға жіберу мәселесін шешіп жатыр», деп мәлім етті Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, олар Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген.