Жақында Астана қаласының әкімдігінде француздық «IVEKO BUS» компаниясының табиғи газбен жүретін 350 автобусын алу жөнінде келісімшартқа қол қойылды. Бұл шараға қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Француз Республикасының Қазақстандағы елшісі Франсис Етъен қатысты. Келісімге сәйкес Франция компаниясы 2014 жылғы 1 тамызға дейін Астана қаласына 200 жаңа автобус жеткізеді. Қалған 150 автобус ағымдағы жылдың бірінші қазанына дейін әкелінетін болады. Бұл инвестициялық жобаны іс жүзіне асыру үшін «Астана ЛРТ» ЖШС CAFAS компаниясының сақтандыру кепілдігімен Германияның «CommerzBank» атты банкінен тиісті несие алды. Бұл инвестициялық жобаның жалпы көлемі 91 миллион еуроны құрайды. Сатып алынған жаңа автобустар Астана қаласында 2014 жылдың шілдесінде пайдалануға берілетін коммуналдық автобус паркінің қарамағына берілетін болады. Қазіргі уақытта 8,48 гектар жер телімінде осы болашақ автобус паркінің құрылысы қызу жүргізілуде. Франциядан әкелінетін IVECO автобустарының едендері төмен, пандустер орнатылған. Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатынауына өте қолайлы. Сонымен бірге, жаңа автобустардың ішінде мүгедек арбалары орналастырылатын орындар бар. Мұндай қолайлы автобустар Францияның қалаларында көптеп қолданылады. Астанаға әкелінетін француздық IVECO автобустарының 270-інің ұзындығы 12 метр болса, 80-інің ұзындығы 18 метрге тең. Елорданың көлік қатынасы үшін өте тиімді бұл инвестициялық жобаға Қазақстан тарапынан «Астана ЛРТ» АҚ-тың басқарма төрағасы Талғат Ардан және «IVEKO BUS» компаниясының президенті Пьер Лаут қол қойды. Қазіргі күні Астана қаласында құрамында 890 көлік бірлігін құрайтын 8 көлік компаниясы жұмыс істейді. Жалпы, қаламызда 2444 шақырымға созылған 49 автобус бағыты бар. Бір тәулік ішінде осы көліктермен 669 мың жолаушы тасымалданады. Солай бола тұрса да, елордада қоғамдық көлік жетімсіздігі 357 бірлікті құрайды. Аталмыш инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы нәтижесінде Астана қаласындағы қоғамдық көлік қозғалысы жақсарып, тұрғындарға қызмет көрсету сапасы артатын болады. Нияз ЖЫЛҚЫБАЕВ. АСТАНА.
Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы қарызын өтеді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Президент бала өмірін арашалап қалған дәрігерлердің еңбегін үлгі етті
Президент • Бүгін, 14:00
Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды
Медицина • Бүгін, 13:50
Астана медицина университетіне Төрегелді Шармановтың есімі беріледі
Медицина • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы ауылдағы дәрігер тапшылығы мәселесін көтерді
Президент • Бүгін, 13:37
Президент: Қазақстан озық технологияларды медицинаға белсенді түрде енгізіп жатыр
Президент • Бүгін, 13:27
Тоқаев: Өркениетті мемлекет құру үшін бірінші кезекте халықтың мәдениеті жоғары болуға тиіс
Президент • Бүгін, 13:20
Президент: Былтыр Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
Президент • Бүгін, 13:13
Әлемдік туризм рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр?
Туризм • Бүгін, 13:05
Қасым-Жомарт Тоқаев: Дәрігерлердің қауіпсіздігі айрықша назарда
Президент • Бүгін, 12:57
Мемлекет басшысы: Жаңа Конституцияда ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аудардық
Президент • Бүгін, 12:49
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Медицина • Бүгін, 12:30
Ел аумағында шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып кетті
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Елімізде жалған нөмірмен жүрген 500-ден астам көлік анықталды
Қоғам • Бүгін, 12:23
IT Quest: Елімізде технологиялар мен ЖИ-ге арналған квест өтеді
Технология • Бүгін, 12:05