Экология • 19 Қазан, 2021

Жайықтың экологиялық жағдайы жақсара ма?

738 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы жылдары Жайық өзені суының азаюына байланысты жағдай ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап Жайық өзеніндегі су ағынының көлемі біртіндеп азайып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жайықтың экологиялық жағдайы жақсара ма?

Бұған бірнеше себеп бар.

«Біріншіден, бұл Жайық өзенінің бассейнінде аз сулы кезең циклінің басталуына байланысты. Бұл өзендердегі су деңгейінің төмендеуі артуына, бассейндегі ағынды реттеуге, жерді жыртуға және орманды кесуге байланысты өзеннің гидрографиялық желісінің нашарлауына әсер ететін климаттық факторлар», деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәлім еткендей, Жайық өзені бассейніндегі су жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін ресей тарапымен Жайық өзенінің гидрологиялық режиміне бірлескен зерттеулер жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Осы мақсатта 2020 жылғы қазанда ірі өзендер бассейндерінде (Жайық, Ертіс және басқалары) зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастықты жандандырудың Бірыңғай жол картасы және оның тармақтарының орындалу мерзімдері мен оларды ұйымдастыру нысандарын нақтылаумен іс-шараларды іске асырудың жұмыс кестесі бекітілді. Қазіргі уақытта қазақстандық және ресейлік сарапшылар бірыңғай Жол картасын жүзеге асыруға кірісті.

Бірыңғай Жол картасының іс-шараларын іске асыру нәтижесінде Алдағы уақытта Жайық өзенінің гидрологиялық режимін және экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған бірлескен шаралар қабылданатын болады.