Президент • 19 Қазан, 2021

Президент Абдулла Әл аш-Шейхті «Достық» орденімен марапаттады

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігі консультативтік кеңесінің төрағасы Абдалла Әл аш-Шейхті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент Абдулла Әл аш-Шейхті «Достық» орденімен марапаттады

Президент Эр-Риядты Қазақстанның мұсылман әлеміндегі сенімді серіктесі деп атап, Сауд Арабиясы Қазақстанның егемендігін мойындаған алғашқы араб мемлекеттерінің бірі болғанын еске салды.

«Біз Сауд Арабиясының басшылығымен үнемі байланыста боламыз. Тамыз айында мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесу барысында біз бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткіздік. Қыркүйек айында инвестициялар министрі Халид әл-Фаляхпен кездестім. Бұл байланыстар екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенімдімін», деді Мемлекет басшысы.

л

Әңгімелесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары қаралды. Қасым-Жомарт Тоқаев саудиялық компанияларды олардың тәжірибесі мен әлемдік нарықтағы жағдайын ескере отырып, Қазақстандағы жобаларға белсенді қатысуға шақырды.

Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің төрағасы Қазақстан Президентіне қабылдау үшін алғысын білдіріп, сапарының мазмұнды сипатын атап өтті.

ш

«Бауырлас әрі достас Қазақстанға келгеніме қуаныштымын. Біз парламенттік деңгейде бірқатар жемісті кездесулер өткіздік. Бұл байланыстар елдерімізді жақындастыру ісіне қызмет етеді. Мұндай сапарлар мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген шешімдерді іске асыруда маңызды рөл атқарады деп санаймын», деді ол.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Абдулла Әл аш-Шейхке ІІ дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.