Елімізде ғылыми-білім беру әлеуетін дамыту мақсатында III Nobel Fest шарасы онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.

Nobel Fest - жылына екі рет өткізілетін Еуразия құрлығындағы ең ауқымды және беделді іс-шараларының бірі. Оның аясында Нобель сыйлығы лауреаттарының дәрістері өтеді. Шараның негізгі мақсаты – ҚР, Орталық Азия, Кавказ мемлекеттеріндегі түрлі салада жұмыс істейтін азаматтарға әлемдегі ең мықты Нобель сыйлығы иегерлерімен, белгілі ғалымдармен, бизнес саласындағы танымал адамдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте G-Global Халықаралық Хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков мәлім етті.
Оның айтуынша, қазіргі замандағы ең басты мәселе – адами капитал. Он жыл бұрын әлемдегі ең қымбат компаниялар шикізат пен қаржы саласындағы компаниялар болса, бүгінде ең үздік 10 компанияның 8-і адами капиталды кеңінен пайдаланатын технологиялық инновациялық компания болып табылады.
«Мысалы, бұрын ғалымдар негізінен білім және ғылым саласында жұмыс істесе, қазір компаниялар жанынан үлкен ғылыми институттар қызмет етеді. Олар ғалымдардың адами капиталдарды кеңінен пайдалануының арқасында үлкен жетістіктерге, прогреске қол жеткізіп отыр. Дамыған елдерде жастар, студенттер, ұстаздар мен Нобель сыйлығының лауреаттары, үлкен ғалымдар арасында кездесулер өткізіледі. Өкінішке қарай, дамушы елдерде ондай кездесулер аз. III Nobel Fest шарасын мемлекеттік емес ұйымдар ұйымдастырып отыр. Үшінші Нобель фестивалінің айырмашылығы – оны жалғыз Қазақстанда ғана емес, Өзбекстанда, Әзербайжанда өткізіп жатырмыз. Болашақта шараны одан әрі дамыту жоспарланған. Әріптестерімнен фестивальді кеңінен насихаттауларын сұраймын. Себебі адамдар неғұрлым көп қатысса, соғұрлым тиімді болады», деді С.Нөгербеков.
G-Global халықаралық хатшылығының басшысы фестивальдің тегін өткізілетінін атап өтті. Қатысушылар дәріскерлерге сұрақ қоя алады, сондай-ақ, білім алады.
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Жаңа Қазақстан» – арнайы жүлде
Саясат • Кеше
Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады
Спорт • Кеше
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Технология • Кеше
Құмар ойынға құныққандар елімізде 350 мыңнан асады
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Оқиға • Кеше
Аптап ыстық: Еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Кеше
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Кеше
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Кеше
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Кеше
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Кеше
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Кеше
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Кеше
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар