Теннис • 19 Қазан, 2021

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте жоғарылады

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемдегі үздік ойыншылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик екі саты жоғарылап, 35-ші сатыға жоғарылады. Ал Михаил Кукушкин 149-орыннан 147-орынға көтерілді. Дмитрий Попко қазір 163-ші болса, Денис Евсеев 36 сатыға көтеріліп, рейтингте  370-орынға жайғасты. Тимофей Скатов та рейтингідегі позициясын жақсартып, 269-орынға көтерілді.

Жұптық санат бойынша Андрей Голубев 36-шы, ал Александр Недовесов 77-орынға тұрақтады.