Аймақтар • 19 Қазан, 2021

Талдықорғанда есірткінің ірі партиясын сақтаған жігіт ұсталды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 жастағы жігіттің сөмкесінен ірі көлемде синтетикалық есірткі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорғанда есірткінің ірі партиясын сақтаған жігіт ұсталды

«22 қыркүйекте Алматы облысы ЖП МДҚ және ҰҚКД қызметкерлерінің бірлескен арнайы операциясы барысында Талдықорған қаласының орталығында ҚР ҚІЖК 255-бабына сәйкес жүргізілген жеке тінту кезінде 20 жастағы жергілікті тұрғын сөмкесінен 2021 жылғы 14 қазанда Сот сараптамасы таныған заты, салмағы 150 грамм синтетикалық есірткі заты бар полиэтилен пакет алынды», деп хабарлады Алматы облысы ЖП баспасөз қызметі.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі «Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау» бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.