Жақында Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауғанстанға ұн экспорттау мәселесіне байланысты мәлімдеме жасады. Онда ведомство кейбір қазақстандық БАҚ-тарды негізсіз ақпарат таратты деп айыптап та өтеді. 2020 жылы ауған нарығына елімізде өндірілген 2 млн тоннадан астам астық пен астық эквивалентіндегі ұн жіберілген.

QazTrade деректері бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін 300 ұн экспорттаушының 183-і өзге нарықпен және ауған нарығымен де өзара келісімге ие. Тағы 49 экспорттаушы Ауғанстанға ұн жөнелтумен айналысады. Министрліктің айтуынша, Ауғанстанның жаңа билігі орнағаннан кейін де жұмыстарын жалғастырып жатқан бизнес-байланыстар бар. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін солтүстік ауған провинциялары – Балх, Бағлан, Тахар және Құндыз, сондай-ақ астаналық аймақ және Кабул қаласы пайдаланады.
«Ауғанстандағы саяси ахуалдың өзгеруі шынымен де барлық әріптес елдермен, оның ішінде Қазақстанмен сауда операцияларының тоқтатыла тұруына алып келді. Біраз уақыт бойы банкаралық транзакциялар мен темір жол вагондарын жеткізу мүмкін болмады, өйткені иелері олардың сақталуы мен қайтарылуы үшін қорықты. Алайда қазіргі уақытта проблемалар шешілді: транзакциялар үшінші елдердің банктері арқылы жүзеге асырылады, вагондарды жөнелту қалпына келтірілді. Қыркүйек пен қазан айының басында Қазақстаннан Ауғанстанға 60,2 мың тонна ұн мен 15,6 мың тонна астық жөнелтілді. Кейін жеткізу қарқыны артатын болады» делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ министрлік ұн тартушылар үшін өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында тиісті жағдайлар жасалатынын, экспорт кезінде қосымша құн салығын жедел қайтару қолға алынатынын да айтады. Өңделген өнімді тасымалдауға мемлекеттік қолдау шаралары да қарастырылған.
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар