14 Ақпан, 2014

Ендігі міндет – тапсырмаларды орындау

279 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
01-нұр отан«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс өткен ХІХ конференциясында «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдау талаптарынан туындайтын міндеттер талқыланып, Саяси кеңестің дербес құрамына өзгерістер енгізілді. Бірінші мәселе бойынша аймақ басшысы, «Нұр Отан» партиясы жергілікті филиалының төрағасы Самат Ескендіров баяндама жасады. Ол биылғы бағдарламалық құжат ауқымдылығымен, нақтылығымен сипатталатынын, ел дамуының 2050 жылға дейінгі жаңа міндеттері мен жақын келешектегі стратегиялық көкжиектері айқындалғанын, 30 мемлекеттің қатарына ену екі кезең бойынша жүзеге асырылатынын атап өтті. Одан әрі Жолдау партияның басты құжаттарымен үйлесім тапқанына, бұл орайда, Саяси доктринаның орны ерекше екеніне, оның басты саяси күш және Президенттің негізгі тірегі ретіндегі «Нұр Отан» партиясының рөлін айқындайтынына тоқталды. Облыс қарқынды дамып келе жатқан өңірлер тобына еніп, Қазақстан экономикасында маңызды орын алады. Бұдан былай аграрлық сектордың бірыңғай желісін құруға, инновациялық бағытқа түсіруге баса мән берілетін болады. Шағын және орта бизнесті индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың бас­ты құралы ете отырып, бизнеске қолайлы ахуал жасау, 2050 жылға таман оның ішкі жалпы өнімінің 50 пайызына жеткізуге үлес қосу –  негізгі талаптардың бірі. Баяндамашы Елбасы қазақ­стан­дықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктерді белгілеп бергенін, бұл орайда, сапалы білім беру, ден­саулық сақтау, мәдениет, әлеу­­меттік салаларға тың серпін қосу, мемлекеттік институттар жұмы­сын жетілдіру тапсырмаларын ұсын­ғанын жеткізді. Мемлекет басшысы биыл экономика өсімін 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету, халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 14,5 мың доллардан кем болмау, инфляцияны 3-4 пайызға дейін төмендету міндеттерін қойды. Аудандық партия ұйымдарына Жолдау қағидаттарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, үгіт-насихат қызметтерін жандандыруды, тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға назар аударуды, мәселелерді шешу жолдарын іздестіруді, «Жас Отан» партиясы жастар қанаты қызметінің белсенділігін арттыруды жүктеді. Конференцияда сөз алған об­лыс­тық мәслихаттың депутаты, «Мәм­бетов және К» КС бас директоры Еркебұлан Мәмбетов былай деді: – Біз өндіру нарығын меңгер­генмен, сатуға келгенде делдалдарға тәуелді болатынбыз. Енді өткізу нарықтарына тікелей шығу жүйесін қа­лыптастыруға ұмтылыс өте құп­тарлық. Жиынға қос палата депу­тат­тарының қатысуын пайдала­нып, олардан шағын шаруа қожа­лық­тарының кедергісіз дамуы үшін экологиялық және салық заңна­маларына өзгерістер енгізу ұсы­нысын қолдауға шақырамын. Сон­да әлсіз шаруашылықтардың аяқта­ры­нан тік тұрып, бәсекелестікке төтеп беруіне қолайлы жағдай туар еді. «Қазақ саңыраулар қоғамы» бірлестігі облыстық бөлімшесінің директоры Василий Мироняк: – «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Кедергісіз аймақ» жобасы қолға алынып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөліне бастағаны қуантады. Елімізде 630 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам осы санатқа жатқызылса, олардың 15 пайызы ғана жұмысқа тартылғаны ойландырмай қоймайды. Облыста есту мүмкіндігінен айырыл­ған 823 мүгедек жан есепте тұр. Біз­дің кәсіпорында мемлекеттік тапсы­рыстың көлемі шектеулі. Оның мөлшері ұлғайтылса, тағы да 50 мүгедек жанды жұмысқа қабылдауға қауқарлымыз, – деді. Басқа да сөйлеушілер тұрғын­дардың өмір сапасын, халыққа көрсетілетін қызметтердің тиім­ді­лігін жақсарту, осы заманғы әлеуметтік қорғау жүйесін нығайту, отандық өнімдер мен бұйымдардың экспорттық әлеуетін арттыру төңірегінде ой-пікірлер алмасты. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы.