Коронавирус • 20 Қазан, 2021

Қызылорда облысы қайтадан «сары» аймаққа өтті

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 20 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Қызылорда облысы қайтадан «сары» аймаққа өтті

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

Айта кетейік, 19 қазан күні Қызылорда облысы «жасыл» аймақта тұрған еді.