Әлем • 20 Қазан, 2021

Украина «Спутник V» вакцинасын мойындамайтынын мәлімдеді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік «Спутник V» препаратымен вакцинацияланған азаматтар Украинаға кірген кезде 10 күндік оқшауланудан өтуге немесе COVID-19 сынамасын тапсыруға міндетті екенін мәлімдеді Мемлекеттік шекара қызметінің бастығы Андрей Демченко, деп хабарлайды Egemen.kz.

Украина «Спутник V» вакцинасын мойындамайтынын мәлімдеді

«Бұрын белгіленген ережелер қолданыла береді. Украина Ресейдің «Спутник V» вакцинасын мойындамайды, олар уақытша басып алынған аумақтардағы азаматтарды вакциналауға тырысады. Вакцина тек ДДҰ бекіткен болуы керек», деді Демченко «Дом» телеарнасында.

23 қыркүйектен бастап Украина эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты «жасылдан» «сары» карантиндік аймаққа көшті. 15 қазаннан бастап Херсон облысы COVID-19 бойынша «қызыл» аймаққа кірді. Сондай-ақ, 18 қазаннан бастап COVID-19 таралуының эпидемиялық қаупінің «қызыл» деңгейі Запорожье, Одесса, Донецк және Днепропетровск облыстарында көріне бастады. «Қызыл» аймақта кинотеатрлар, кафелер, мейрамханалар, спортзалдар, театрлар мекеме қызметкерлері мен келушілер 100 пайыз вакцинациялаған жағдайда жұмыс істейді. Білім беру мекемелері оқытушылар мен оқушылар толық вакцинацияланған жағдайда ғана жұмыс істейтін болады, басқа жағдайда оқытуды онлайн-режимге ауыстырады.

Бұған дейін Украинаның Министрлер кабинеті коронавирусқа байланысты карантинді 31 желтоқсанға дейін ұзартты. Эпидемиологиялық қауіптіліктің төрт аймағы енгізілді: «жасыл»,«сары»,«қызғылт сары» және «қызыл».
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35