Таным • 20 Қазан, 2021

Айтматовтың ұлы: Әкем Нобель сыйлығын алмай қалғанына мұңайған жоқ

564 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 қазанда әлем таныған жазушы Шыңғыс Айтматовтың ұлы Элдар Айтматов Egemen Qazaqstan газетінің журналисі Дүйсенәлі Әлімақынға берген сұхбаты жарық көрді. Сұхбат арасында жаузшыға Нобель сыйлығы берілгелі жатқан тұста шешім өзгеріп, сыйлық Горбачевтың еншісінде кеткені жайлы айтылады.

Айтматовтың ұлы: Әкем Нобель сыйлығын алмай қалғанына мұңайған жоқ

– Ашығын айтсам, мен өмірімде әкемнің бірдеңеге қатты кейіп, ашуға басып немесе кек сақтағанын көрген де, естіген де емеспін. Тіпті ол кісінің біреудің артынан ғайбат айтуы былай тұрсын, біреу туралы ыңғайсыз сөз айтылып жатса да назар аударған емес, ондай ұсақ-түйек істерге көңіл бөлмейтін. Оның ішкі дүниесі терең, мақсаты айқын болғанын жақсы білемін. «Ана сыйлықты алмай қал­дым, мына іс мынадай болды» деп бір­деңеге қапаланғанын көрген жоқпын. Тіпті ондай сөздер ол кісінің аузынан шыққан да емес. Менің бі­луімше, әкем жеке басының немесе қызығушылығына байланысты істерге емес, кейде жаһандық ірі мәсе­лелер төңірегінде бас қатырған болуы керек. Ал сіз сұрап отырған сұрақ­тың жа­уабы былай, әкем Нобель сый­лығын алмай қалдым деп ешқашан мұңайған жоқ. Тіпті, бұл сыйлық туралы өзара сөйлескеніміз есімде қалмапты, – деді Элдар Айтматов.