ANTIKOR • 20 Қазан, 2021

Білім бөлімінің басшысы мен мектеп директоры ұсталды

811 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы, Сайрам ауданында адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы мен мектептердің бірінің директоры аса ірі көлемде пара алу кезінде қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім бөлімінің басшысы мен мектеп директоры ұсталды

Күдіктілер уақытша тергеу абақтысына қамалып, тергеу шаралары жүргізілуде. Түркістан облысының мамандандырылған тергеу сотының мәліметінше, мектеп директоры жергілікті тұрғынды жұмысқа қабылдау үшін 800 мың теңге көлемінде пара алған.

Қомақты қаражаттың жартысын аудандық білім бөлімі басшына жеткізіп берген. Осы кезде екеуі де құзырлы орган өкілдерінің қолына түсті. Қазіргі таңда Түркістан облысының мамандандырылған тергеу соты қос бірдей білім саласы өкілдерін екі айға қамау туралы санкция шығарды.

«Сайрам ауданының білім бөлімінің бастығы мен мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қаралып, екі ай мерзімге санкция берілді. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 366 бабы 3-ші бөлігінің 2-ші тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Тараптар шағым келтіріп, аппеляциялық сотқа жолданды», дейді Түркістан облысының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Әбдуәлі Қосмұратов.