Парламент • 20 Қазан, 2021

Нығматулин Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына қатысты пікір білдірді

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин палатаның «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы мақұлдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нығматулин Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына қатысты пікір білдірді

«Үш жылдық бюджетте бірінші кезекте әдеттегідей әлеуметтік міндеттерді қаржыландыруға ерекше назар аударылды. Шын мәнінде, бюджеттің жартысы осы салаға арналып отыр.

Сонымен бірге еңбекпен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, бизнесті дамыту, ауылды өркендету және басқа да салаларға тиісті қаражат қаралды. Осының нәтижесінде еліміздің, халқымыздың әлеуметтік-экономикалық бағытын одан әрі нығайтуға тағы бір нақты қадам жасадық», деді Н. Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда ол алдағы ең басты міндет – бекітілген қаражатты жоспарға сәйкес дер кезінде тиімді игеру екенін атап өтті.

«Осы жолда Үкімет депутаттық корпуспен бірге нәтижелі жұмыс атқарады деп сенеміз. Алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің жобасы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беретіндей қалыптастырылды.

Екіншіден, елдің даму мақсаттарына жауап береді, үшіншіден, постпандемиялық қалпына келудің оңай емес ахуалын ескереді», деді Мәжіліс төрағасы.