Алматы облысындағы «Алтын адам» табылған әйгілі Есік қорғандары жер бетінен мүлдем жойылып кетуі ықтимал. Бұл туралы «Жетінші арна» хабарлады.
Сақ қорғандары жатқан тарихи мекенге ерекше қорғауға жататын мәртебе берілгенімен, соның 90 пайызға жуық аймағы жеке тұлғаларға сатылып кеткен. Қорық қызметкерлерінің айтуынша, көктем шыға қорғанның бір бөлігі сүріліп, онда құрылыс жұмыстары басталатын көрінеді. «Есік қорғандары төңірегіне мектеп салудың қажеті жоқ. Мен осы мәселеге қатысты наразылығымды жергілікті әкімшілікке айттым», - дейді «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Гүлмира Мұхтарова.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновтің айтуынша, Есік қаласында жер телімі тапшылығынан қорған жанынан мектеп салу жоспарланған. Ал қорық қызметкерлері жергілікті биліктің бұл шешімімен келіспей отыр.
Осыдан бір жыл бұрын республикалық бұқаралық ақпарат құралы өкіліне берген жауабында Өңірлік тарихи-мәдени мұраларды сақтау орталығының директоры Есет Дәуренбаев былай деген еді: «Есік қорғандары дүниежүзілік ЮНЕСКО мұрасының тізіміне енгізілуі мүмкін. Сонымен бірге, Жамбыл ауданындағы Тамғалы-Тас петроглифтері мен Сарқанд ауданындағы Қойлық қалашығы,Талғар ауданындағы Талхис қалашығы және Балқаш ауданындағы Қарамерген қалашықтары тізімге енгізіледі. Қазір осыған қатысты ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. 2014 жылы мәдени мұраларға арналған ЮНЕСКО -ның тізімін Есік қорғандары толтырар деп үміттенеміз».
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: «Жетінші арна».
Фото: Zhetysu.gov.kz.

«Талдау» ұлттық зерттеулер орталығының сарапшылары конституциялық жаңашылдықтарды талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:45
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Бүгін, 18:07
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25
Атырауда цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:14
Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
Үздік IT-мамандар жүлде қоры 3 млн теңгелік чемпионатта бақ сынайды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Атырауда бір жылда 92,5 мың балаға тегін стоматологиялық көмек берілді
Медицина • Бүгін, 16:40
Сербия Президенті Астанаға ресми сапармен келді
Саясат • Бүгін, 16:30
Шығыста экспорттық жүк тасымалы артты
Экспорт • Бүгін, 16:25