Қазақстан • 20 Қазан, 2021

ҚР Үкіметі өрт сөндіруге арналған дрондар сатып алады

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр өрт сөндіруге арналған техниканы жаңарту жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Үкіметі өрт сөндіруге арналған дрондар сатып алады

«Халықты табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардан қорғау жүйесінің жұмыс істеу тәжірибесі ұшқышсыз ұшу аппараттары мен роботтандырылған техниканы пайдалану есебінен ден қоюдың тиімділігін арттыруға болатындығын көрсетеді. Жарылыс қаупі бар объектілерде өрт сөндіруді ұйымдастыру мақсатында ТЖМ роботтандырылған техника мен пилотсыз ұшу аппараттарын сатып алу мәселесі пысықталуда», деп жазды Роман Скляр депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның айтуынша, ТЖМ құтқару бөлімшелерін ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жабдықтау іздестіру-құтқару жұмыстарында әрекет ету тиімділігін арттыруды, табиғи өрт ошақтарын анықтауды, су тасқынына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.

«Бұл ретте 2020 жылы робот кешендерін сатып алу шығындарын жоспарлауға мүмкіндік беретін нормалар қабылданды, ал биылдан бастап отандық өндірушілермен робототехниканың техникалық параметрлерін қалыптастыру бойынша жұмыс басталды», деп түйіндеді Премьер-Министрдің орынбасары.