Алматы тауларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету кешенді іс-шаралары аясында құтқару лашықтары орнатылып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тікелей эфирде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, Бақытжан Сағынтаев модульді құтқару лашықтары тауларға тікұшақтардың көмегімен жеткізілетінін хабарлады.
«Тікұшақтар модульді құтқару лашықтарын таудағы орнату орындарына жеткізеді. Себебі, таулы жерлерде көлікпен жүру өте қиын, сондықтан тікұшақтар пайдаланылады», деп жауап берді Сағынтаев.
Қала әкімі айтқандай, құтқару модульдері қиын жағдайға тап болған, ауа райының қолайсыздығы үшін тауда қалған туристер арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында орнатылған.
Бүгінде 15 құтқару лашығы 7 нүктеде - «Жоғарғы Горельник», «Тұйықсу» мұздығының соңғы моренасы, «Лунная поляна», «Проходное» шатқалы, «Үлкен Алматы» шатқалы, «Қызылсай шатқалы» және «Сол жақтағы Талғар» жерлерінде орнатылды. Қараша айының соңына дейін тағы 8 лашық орнату жоспарланып отыр.
Әр лашық құтқарушылар пультіне сигнал беру үшін «SOS» батырмасымен жабдықталған.
Сондай-ақ лашықтың іші жылытылады әрі мұнда алғашқы медициналық көмек пакеті, ұялы телефонды зарядтау, жылы көрпе және бұзылмайтын өнімдер жиынтығы бар.
Айта кетерлігі, туристердің тау лашықтарын пайдаланған жағдайлары болды. Кейбіреулер бағыттың уақытын немесе өз күшін есептей алмаса немесе ауа райы бұзылса сол жерде қалып, түнейді.
Сонымен қатар қазіргі уақытта Шымбұлақ пен Медеуде визит-орталықтар жұмыс істеуде. Осындай орталықтар Аюсай шатқалында және Горельник жылу көзінің жанында ашылған. Мұнда таулардағы қауіпсіз тәртіп бойынша нұсқаулық өткізіліп тұрады.
Сондай-ақ туристердің қауіпсіздігі үшін ұялы байланыспен қамту аймағы кеңейтілуде. Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында 2 бақылау-құтқару пункті, Тұйық су шатқалында тікұшақ алаңы салынуда, құтқару жасақтарына дабыл беру түймелері бар 10 радиорелелік діңгек орнатылып жатыр.
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Атырау облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 11:50
Ислам ойындарында Қазақстандық жүзуші алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:29
Коронавирустан емделіп жатқан 9 науқастың жағдайы өте ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:45
1737 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 10:10
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Бір тәулікте 1239 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар