
Facebook атауын өзгертуі мүмкін
Facebook келесі аптада компания атауын өзгертуді жоспарлап отырғаны белгілі болды. Бұл туралы The Verge осыған тікелей қатысы бар дереккөзге сілтеме жасай отырып мәлімдеді.
Бас директор Марк Цукерберг бұл жаңалықты 28 қазанда, компаниясының жыл сайынғы Connect конференциясында айтуы мүмкін. Бұл өзгеріс технологиялық алыптың тек әлеуметтік желілер мен оған байланысты туындаған мәселелер арқылы танымал болғысы келмейтінін білдіреді.
Ребрендинг жоспары бойынша көк түсті Facebook қосымшасын компания басқаратын Instagram, WhatsApp, Oculus секілді өзге де өнімдердің бірі деп көрсетуі мүмкін. Алайда Facebook өкілі бұл туралы сұраққа жауап беруден бас тартқан.
Facebook-те қазірдің өзінде AR көзілдірігі сияқты тұтынушылық жабдықты жасайтын 10 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді. Цукербергтің пікірінше, бұл көзілдіріктер смартфондар сияқты танымал болмақ.
Шілде айында ол The Verge-ге келесі бірнеше жыл ішінде «адамдардың бізді мета компания ретінде көре бастауына жұмыс істейміз» деген-ді.
Facebook компания бағыты мен мақсатының кеңеюіне байланысты өзінің атауын өзгертетін алғашқы танымал технологиялық компания емес.
Нью-Йоркте Беларусьтің Бас консулдығы жабылды
Беларусьтің Нью-Йорктегі Бас консулдығы премьер-министр Роман Головченко қол қойған республика Министрлер Кеңесінің Қаулысына сәйкес жабылды.
Тиісті құжат сәрсенбіде Ұлттық құқықтық интернет-порталда жарияланған. Құжатта «Беларусь Республикасының Нью-Йорк қаласындағы (Америка Құрама Штаттары) Бас консулдығы 2021 жылғы 20 қазанға дейін жабылсын», делінген.
Бас консулдық бұған дейін 21 қазанда америкалық тараптың өтініші бойынша жұмысын тоқтататынын хабарлаған. Бас консулдықтың консулдық округінің аумағында тұратын Беларусь азаматтары, Канаданы қоса алғанда, дипломатиялық мекеме жабылғаннан кейін республиканың АҚШ-тағы елшілігіне жүгіне алады.
Минскіге қарсы АҚШ санкцияларының қайта басталғанына орай Беларусь сыртқы істер министрлігі АҚШ-қа 1 қыркүйекке дейін Минскідегі елшілігін бес адамға дейін қысқартуды ұсынды. Сондай-ақ Беларусь тарабы Джули Фишерді АҚШ-тың Беларусьтегі елшісі етіп тағайындауға бұрын берілген келісімді кері қайтарып алды.
Глазгодағы климат туралы жиынға бармайтын болды
Кремль сәрсенбіде Ресей президенті Владимир Путиннің Глазгодағы COP26 климат саммитіне қатыспайтынын хабарлаған.
Жиынға қатыспауының себебі нақты көрсетілмегенімен, Кремль өкілі климаттың өзгеруі Ресей үшін маңызды мәселе екенін атап өтті.
COP26 саммиті 31 қазаннан 12 қарашаға дейін Шотландияның ең ірі қаласында өтеді.
Ресей басшысының аталған саммитке бармауы көшбасшылардың жаһандық температураның көтерілуін тоқтату үшін жаңа келісімге келуіне бағытталған шешім қабылдауда қиындықтар туғызғаны айтылуда.
«Өкінішке қарай, Путин Глазгоға ұшпайды», деген Кремльдің өкілі Дмитрий Песков журналистерге климаттың өзгеруі Ресейдің сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі деп атап өткен.
Владимир Путин ресми мәлімдемеге түсініктеме бермеді. Алайда ол 13 қазанда Мәскеуде өткен Халықаралық энергетикалық форумда сөйлеген сөзінде коронавирус пандемиясы Ресей басшысының сапар туралы шешіміне әсер еткенін мәлімдеді.
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Жаңа Қазақстан» – арнайы жүлде
Саясат • Кеше
Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады
Спорт • Кеше
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Технология • Кеше
Құмар ойынға құныққандар елімізде 350 мыңнан асады
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Оқиға • Кеше
Аптап ыстық: Еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Кеше
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Кеше
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Кеше
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Кеше
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Кеше
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Кеше
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Кеше
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар