20 қазанда «Талибан» қозғалысының өкілдері (Қазақстан мен Ресейде тыйым салынған) Мәскеуге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәскеуде тәліптер сыртқы істер министрі Сергей Лавров бастаған ресейлік дипломаттармен кездескен. Сондай-ақ, жиынға Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері де қатысты.
Лавровтың айтуынша, ол тәліптермен Ауғанстанда жаңа үкімет құру мәселесін талқылаған.
«Олардың әскери-саяси ахуалды тұрақтандыруға, мемлекеттік аппарат қызметін жақсартуға бағытталған күш-жігерін ескеру керек», деп министр Ауғанстандағы биліктің ауысуына факт ретінде қарау керек екенін баса айтты.
Сыртқы істер министрі «Талибан» өкілдерімен кездесу кезінде ел аумағы басқа мемлекетке қарсы қолданылмайтыны туралы уәдесін орындауға шақырғанын қосты.
Бұл ретте Ресей президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов Кабулдың жаңа басшылығын адам құқықтарын құрметтеуге шақырды. Ол осы жағдайда ғана тәліптердің халықаралық қоғамдастық тарапынан танылуына мүмкіндік алатынын айтты.
«Арнайы өкілдің айтуынша, тәліптер мемлекеттік басқару жүйесін және адам құқықтарының жағдайын жақсартуға тырысатынына сендірді. Сонымен қатар ол әлемдік қауымдастықты ауған халқына көмек көрсету үшін күш біріктіруге шақырды. Ауғанстандағы жаңа үкімет бәріне бірдей ұнамайды, бірақ егер үкіметті жазаласақ, онда барлық халықты жазалағанымыз», деп түсіндірді Кабулов.
Мәскеу конференциясының қорытындысы бойынша оған қатысушылар «Талибан» қозғалысын ресми түрде мойындауға қарамастан, Ауғанстанмен практикалық ынтымақтастық орнатуды жақтады. Олар «Талибанды» мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру үшін қосымша шаралар қабылдауға және елдің барлық негізгі этносаяси мүддесін көрсететін инклюзив үкімет құруға шақырды.
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Жаңа Қазақстан» – арнайы жүлде
Саясат • Кеше
Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады
Спорт • Кеше
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Технология • Кеше
Құмар ойынға құныққандар елімізде 350 мыңнан асады
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Оқиға • Кеше
Аптап ыстық: Еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Кеше
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Кеше
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Кеше
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Кеше
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Кеше
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Кеше
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Кеше
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар