Қазақстан • 21 Қазан, 2021

Серік Сәпиев жаңа қызметі туралы айтты

779 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Экс-төрағасы Серік Сәпиев қайда жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серік Сәпиев жаңа қызметі туралы айтты

«Мен Ұлттық Олимпиада комитетінде жұмыс істеймін деп айта аламын», деді ол қазақстандық блогер Динара Сатжанға берген сұхбатында.

Бұл ретте Сәпиев ҚР ҰОК-да қандай лауазымда болатынын нақтыламады.

Естеріңізге саламыз, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев 19 қазанда қызметінен босатылған болатын.