Аймақтар • 21 Қазан, 2021

Ақтауда «Caspian Ports and Shipping – 2021» II Халықаралық конференциясы өтуде

135 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2021 жылғы 19-21 қазанда Ақтау қаласында Каспий өңірінің көлік-коммуникациялық кешенін дамыту перспективаларына арналған «Caspian Ports and Shipping – 2021» II Халықаралық конференциясы өтуде, деп жазады Egemen.kz.

Ақтауда «Caspian Ports and Shipping – 2021» II Халықаралық конференциясы өтуде

Форумға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев қатысып, министр Бейбіт Атамқұловтың атынан құттықтауын жеткізді.

Конференцияға әлемдік деңгейдегі көлік және логистика саласындағы 80-нен астам түрлі ұйым өкілдері, Еуропалық Одақтың 11 елшісі, оның ішінде Бельгия, Болгария, Хорватия, Финляндия, Германия, Латвия, Румыния, Испания, Эстония, Нидерланды елшілері, Каспий маңы елдері мен Түркияның консулдары, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағдарының мүшелері қатысты.

Конференцияда Каспий өңіріндегі сауда сұранысы, көлік саласына инвестиция салу перспективалары, жүк ағындарын контейнерлеу, инфрақұрылымды цифрландыру, «жасыл экономиканы» дамыту мәселелері талқыланды.  

Форум аясында Ақтау және Құрық теңіз порттарына бару ұйымдастырылып, іс-шараға қатысушылар порттардың қуатымен және оларды дамыту перспективаларымен танысты.

Биылғы 9 айда осы порттар арқылы 4,1 млн.тонна жүк тиеліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда астықты ауыстырып тиеуде 50%-ға оң динамика байқалады. (2021 жылы 9 айда - 1,1 млн. тонна, 2020 жылдың 9 айында – 733 мың тонна). Сондай-ақ контейнерлер тиеу - 24% (2021 жылдың 9 айында - 29,6 мың ЖФЭ, 2020 жылдың сәйкес кезеңінде - 23,8 мың ЖФЭ) артты.

Бүгінгі таңда Каспий бағытындағы көлік қатынасын дамытудың басым міндеттерінің бірі - теңіз порттары мен отандық сауда флотын дамыту, оның ішінде Ақтау порты базасында «контейнерлік хаб» құру. 2025 жылға қарай контейнер ағыны жылына шамамен 100 мың ЖФЭ артады деп болжанып отыр.  

Жалпы Каспий форумы мемлекет пен бизнестің көпжоспарлы қарым-қатынасы мен Азия мен Еуропа арасындағы көлік қатынасын одан әрі дамыту үшін сындарлы ұсыныстар әзірлейтін алаңға айналады.