Президент • 21 Қазан, 2021

Тоқаев ел тарихы жайлы Tik-Tok жоба жасауға қолдау білдірді

1009 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Наталья Нагачевскаяның ел тарихы бойынша  Tik-Tok жоба жасау туралы ұсынысын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев ел тарихы жайлы Tik-Tok жоба жасауға қолдау білдірді

«Сіз балаларды өнерге, мәдениетке тартуға қатысты өте қызықты ұсыныс айттыңыз. Мен бұл ұсынысты қолдаймын және облыс әкімдеріне де үндеймін. Шынымен де балалардың халық театрларын ашу сияқты мұндай жұмысты бастап көрейік. Балаларымыздың арасында таланттылар өте көп. Күні кеше ғана Жезқазғанда болдым және балалардың өнердің сан түріне, оның ішінде домбырамен айналысатындығын көрдім. Бұл қуантарлық жайт. Дегенмен, біз мұндай балаларға қолдау көрсетуіміз қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихы бойынша Tik-Tok жоба құру туралы ұсынысқа қолдау білдірді.

«Сіздің өлкеміздің тарихы бойынша Tik-Tok жоба құруға қатысты ұсынысыңызды қолдаймын. Шындығында, бұл өте жақсы жоба. Қазір жастар негізінен Іnstagram мен Tik-Tok-та отырады. Бұл біздің өміріміздің шындығы», деді Мемлекет басшысы.