Аймақтар • 21 Қазан, 2021

Алматыда коронавирус жұқтырған 133 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда коронавирус жұқтырған 133 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

20 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 309 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 294, симптомсыз – 15 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 147, келіп түскені – 99.

«Инфекциялық стационарларда 1 201 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3179), оның ішінде 32 бала емделуде», деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 133 адам жатыр. Ал 28 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 71 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 22 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 668 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2566 науқас. 102 адамда коронавирус белгілері жоқ.