Коронавирус • 22 Қазан, 2021

Алматы облысы «жасыл» аймаққа өтті

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 22 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысы «жасыл» аймаққа өтті

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.