Бұл туралы ТАСС агенттігі мәлім етті.
«Бүгінгі күнде қайтыс болғандар саны – 24 адам», деді прокурор.
Бұған дейін 18 адамның көз жұмғаны туралы хабарланған. 7-14 қазан аралығында Екатеринбургтің Чкалов ауданында бірнеше адам азаматтарға метил спиртін өткізген.
РФ ҚК 238-бабы 3-тармағы («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін тауарлар мен өнімдерді өткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.