Әлем • 22 Қазан, 2021

Садыр Жапаров: Қырғызстан аумағын басып алуға тырысқандарға жауап қатаң болады

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әрбір мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы шекараны қорғаудан басталады. Бұл туралы бейсенбі күні Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметіне жауынгерлік техниканы тапсыру рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қырғызстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Садыр Жапаров: Қырғызстан аумағын басып алуға тырысқандарға жауап қатаң болады

Садыр Жапаров Шекара қызметінің әскери қызметшілерін техника алуымен құттықтап, азаматтардың, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік шекараларды күзету үшін Қарулы Күштердің материалдық-техникалық базасын жақсартудың маңыздылығын атап өтті.

«Егер шекара тыныш болса, ол қорғауда болғаны. Ол кезде азаматтар да тыныш ұйықтай алады. Егер шекара әлсіреген болса, ал шекарашыларда қажетті материалдық-техникалық мүмкіндік болмаса, онда елдегі тұрақтылық туралы айтып керек емес», деді Жапаров.

Сонымен қатар, ол «бұл қақтығысқа дайындық емес, елдің қауіпсіздігін сақтауға дайындық» екенін атап өтті.

«30 жыл ішінде ешкіммен қақтығысқан емеспіз. Қолымыздағы қарумен бөтен аумақтарды басып алмадық. Алдағы уақытта да мұндай болмайды. Ал егер біздің аумағымызды басып алуға тырысатындар табыла қалса, онда жауап қатал болады», деді Жапаров.