Мangystaumedia.kz сайтының хабарлауынша балабақша, азық-түлік дүкендері, тіс емханасы, көлік жөндеу орталықтарын салып, 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіп иелері бірнеше рет сотқа тартылған
«Жер үкіметке қайтарылады деді, ал ол жердің үстінде біраз құрылыс тұр. Енді оны қайтып алғанда біз кәсібімізден айырыламыз ба? Атамекен палатасына арыздандық. Барлығы атсалысып, кәсіпкерлер үшін жұмыстанды. Соның арқасында мәселеміз шешілді, бәріміз қуаныштымыз», дейді кәсіпкер Альфия Ерназарова.
Кәсіпкерлердің даулы ісі екі сатылы сотта қаралып, барлық кезеңінде облыстық кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері сенімді өкіл ретінде қатысқан. Мәселені бастан-аяқ бақылауда ұстап, бизнестің құқығы қорғалып шыққан. Енді, кәсіпкерлерді әуре-сарсаңға салған комиссия мүшелерінің жауапкершілігі қаралмақ.
Кәсіпкерлерді 6 ай осылай әуре-сарсаңға салған комиссияға шара қолдану керек. Соған байланысты облыс әкіміне, аудан әкімінің атына Атамекен палатасынан хат жібергенбіз, - деді Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Рашид Мұстапаев.
Мұндай мәселе Жаңаөзен қаласы мен Түпқараған ауданында да болған еді. Бұл мәселеде игерілген жерлер ғана кәсіпкерлердің меншігінде қалмақ.