Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мәселелері талқыланды.
Сенат комитетінің төрағасы Әли Бектаев кездесуді аша келіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту біздің еліміздегі жұмыстың маңызды бағыты екенін атап өтті. Ол ерекше экологиялық нысандар мен ғылыми-мәдени құндылықтар Қазақстанның ұлттық игілігі екенін жеткізді.
«Бұл аумақтар биосфераның негізі ретінде биологиялық және ландшафтық әртүрлілікті сақтау үшін ерекше маңызға ие. Осы ретте ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи қорық объектiлерiн жасау, кеңейту, қорғау, қалпына келтiрудің экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы зор», деді сенатор Әли Бектаев.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев өз баяндамасында парктер мен қорықтар инфрақұрылымын жақсарту жөнінде айтарлықтай жұмыстар жүзеге асып жатқанын атап өтті. Ол сондай-ақ экологиялық туризмді дамытуға, елдің ұлттық парктері аясында экотуризм брендтерін жасауға және күзетілетін аумақтардың келушілерге қызмет көрсету мен оқыту санатын көтеруге мүмкіндік береді.
Сенаторлар кездесу қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын жасау мәселесін ерекше бақылауға алу, сондай-ақ ішкі туризмді дамыту мақсатында ұлттық парктердің инфрақұрылымын дамыту үшін қосымша қаражат бөлу туралы айтылды.
Кездесуге қатысушылар білікті кадрлармен қамтамасыз ету және материалдық-техникалық жарақтандыру, сондай-ақ ішкі туризмді дамыту мақсатында ұлттық парктердің инфрақұрылымын дамыту үшін қосымша қаржы бөлу мәселелерін талқылады.
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Шабандоз тақым қысып оқитын жыр
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Энергетика министрлігі бензин бағасын өсіруді ұсынды
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді
Аймақтар • Кеше
Ертең еліміздің бірнеше өңірінде 38-41 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Кеше
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Кеше
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Кеше
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Кеше
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Кеше
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • 25 Маусым, 2022
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • 25 Маусым, 2022
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • 25 Маусым, 2022
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • 25 Маусым, 2022
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • 25 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар