Ауыл халқының сапалы медициналық қызметке қолы жетпей отыр. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.
Бүгін, Парламент Мәжілісінде өткізілген Үкімет сағатында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының орындалуы талқыланды. Онда Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Денсаулық сақтау министрлігін сынға алды.
«Халық ауруханалар мен емханалардың қолжетімділігімен қамтылмай отыр. «100 мектеп және100 аурухана» бағдарламасы бойынша 71 нысан салынса, соның 25-і ғана ауылда. Қалған нысандарды 2016 жылы аяқтау жоспарланған. Дегенмен, 13 нысанның құрылысы әлі басталмаған. Мұның өзі адамдардың сапалы медициналық қызметке қолжетімділігі мәселесінің, әсіресе, ауылдық жерлерде әлі шешімін таппай отырғанын көрсетеді. Көптеген ауылдар аудан орталықтарынан қашықта орналасқан. Ендеше, ауа райының қолайсыздығы жағдайларын, біздің жолдарымыздың жай-күйін есепке алсақ, шұғыл медициналық көмекті қажетсінетін күйге тап болған адамның жай-күйін көзге елестетудің өзі қиын», - деді халық қалаулысы Д.Назарбаева.
Д. Назарбаева сөз орайында жекелеген аймақтардағы медициналық нысандардың қондырғылармен толық қамтамасыз етілмегенін де алға тартты. Жалпы, республиканың 9 облысында құны 834 млн. теңгені құрайтын медициналық құрал-жабдықтар пайдаланылмай тұр екен. Ал Есеп комитетінің мәліметіне жүгінсек, «100 мектеп және100 аурухана» бағдарламасын жүзеге асыру барысында мемлекетке 1,5 млрд. теңге шығын келген.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы.
Фото: «24 kz».

Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 21:04
Ғылымға негізделген саясат: Қазақстан халықаралық қауымдастықтың назарында
Ғылым • Бүгін, 20:47
Футбол жанкүйерлері үшін ұйқысыз түн: Бүгін қандай ойындар бар?
Спорт • Бүгін, 20:34
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13