Қазақстан • 23 Қазан, 2021

XVI Анкара кітап жәрмеңкесіне Қазақстан таңбасы басылды

332 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

22 қазанда XVI Анкара кітап жәрмеңкесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

XVI Анкара кітап жәрмеңкесіне Қазақстан таңбасы басылды

Бұл жолғы кітап жәрмеңкесіне Қазақстан «қонақ ел» ретінде қатыстып жатыр. 

Аталған іс-шараға Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мұстафа Шентоп, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты, Түркия-Қазақстан парламентаралық достық тобының төрағасы Мехмет Али Жевхери, Мәртебелі шетелдік жазушы ретінде Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов, көрменің ұйымдастырушы «Eylül» көрмесінің Басқарма төрағасы Ремзи Чайыр, Түркия Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Али Одабашы мен Түркиядағы дипломатиялық миссия басшылары, шетел дипломаттары, зиялы қауым өкілдері және қазақстандық жазушылар қатысты.


Аталған іс-шарада алғаш сөз алған «Eylül» көрмесінің Басқарма төрағасы Ремзи Чайыр Анкара кітап жәрмеңкесінің Түркиядағы ең үлкен жәрмеңкелердің бірі болып есептелетінін атап өтті.

Е

Мәртебелі шетелдік жазушы ретінде арнайы шақырылған Ә.Ахметов Түркия мен Қазақстан арасында тек дипломатиялық қатынастар ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың қарқынды дамып жатқанын атап өтті. Осы айтылғандардың нақты бір дәлелі ретінде бүгін басталып отырған Халықаралық Анкара кітап жәрмеңкесіне Қазақстанның «құрметті қонақ» ретінде шақырылуын ерекше атауға болатынын айтты.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мұстафа Шентоп өз сөзінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен Түркия мемлекетінің және өзінің атынан құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, биыл Қазақстанның «Қонақ мемлекет» ретінде аталған кітап жәрмеңкесіне қатысуында үлкен мән жатқанын айтты. Бұл жәрмеңкеде түрік оқырмандары қазақ авторларының шығармаларымен кеңінен танысып, мұндай іс-шаралар екі елдің мәдениет саласындағы байланыстарды нығайтатынын атап өтті.


Іс-шарада сөз алған Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы дәстүрлі 16-шы Анкара кітап жәрмеңкесіне қатысушыларды ашылу салтанатымен құттықтап, жәрмеңкені ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Елші биыл Қазақстан «Қонақ мемлекет» ретінде қатысқан бұл кітап жәрмеңкесіндегі басты мақсаттың түрік оқырмандарына қазақ авторларының шығармаларымен таныстыру болып табылатынын және осы жылы Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, осындай келелі іс-шаралар екі елдің мәдени-ғылыми байланыстарын одан әрі күшейте түсетініне сенімін білдірді.

Е
Іс-шараның соңында келген қонақтар мен қатысушылар Кітап жәрмеңкесін аралады.

Анкараның «ATO Congresium» көрме орталығында өтіп жатқан іс-шараға Түркияның 300-ден астам ірі баспа үйі, баспаханалар мен жарнама агенттіктері қатысуда. Ұйымдастыруышылар биылғы Анкара кітап жәрмеңкесіне келушілердің саны 350 мыңнан асады деп болжауда.
Анкара кітап жәрмеңкесі 2005 жылдан бері ұйымдастырылып келеді және жылына екі рет өткізіледі. Осы уақытқа дейін Италия, Франция, Иран және Ресей елдері көрмеге «қонақ мемлекет» мәртебесінде қатысқан.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше