Фотогалерея • 23 Қазан, 2021

Алтай – Өскемен арасы, мінезді асу, қарашы

1125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше ғана суретшінің палитрасындай сан түрге боялып тұрған Шығыстың табиғаты жүдеңкі... Алмағайып  бұл мезгілде жолға шығудың өзі қызық. Қызық әрі қауіпті. Бір асуда қар бұрқасындатып тұрса, қозы көш жерде қою тұман көзді байлайды. Саусақ ұшы көрінбес тұманды «фарымен» тесіп, көліктер қайшыласады.

Алтай – Өскемен арасы, мінезді асу, қарашы

Ең қауіпті асулар Алтай ауданы мен Өскеменнің арасында. Таулы жер болғандықтан, бұл төңірекке қыс ерте түседі.

2

3

Әйгілі Осинов асуынан жергілікті таксишілер көзді жұмып жүйткігенімен, алғаш жүргендердің жүрегі шайлығады. Бұралаңы көп қауіпті асу қателікті кешірмейді.

4

Сиыр жалағандай жалтырап жатқан Северныйдың белі. Бұдан асқан соң Алтай ауданы аяқталып, Өскеменнің аумағы басталады.

5

Өскеменге кіргенде күн жадырап сала берді. Бағанағы бұрқасын қар, қою тұман көкке сіңіп жоқ болғандай.

6