Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Германияның астанасы Берлин қаласында, еліміздің ұлы ақыны, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіштің ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстан Республикасының Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Кәріпов қатысты.
Ақтоты Райымқұлова Германия халқы мен Үкіметіне еліміздің Абайға ескерткіш орнату жөніндегі ұсынысын қолдап, демеу көрсеткені үшін алғыс білдірді.
«Былтыр біз әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлы ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өттік. Мерейтой аясында Сингапурда, Болгарияда, Мажарстанда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Пәкстанда, Эфиопияда, Чехияда Абай орталығы оқырманға есігін айқара ашты. Сонымен қатар Мажарстан, Оңтүстік Корея Республикасы, Франция, Түркия, Өзбекстан, Мысыр, Ресей Федерациясы және басқа елдерде Абай ескерткіші ашылды. Абай шығармашылығы қазақ халқы мен өзге ұлттар мәдениеті арасындағы дәнекер. Абай қазақ халқының ғана тұлғасы емес. Оның жалпы адами құндылықтарды насихаттайтын шығармашылығы адамзатқа ортақ, әрі әлемдік әдебиеттің ажырамас бөлігіне айналды. Абай Құнанбайұлы мен Германия халқының ұлы ақыны Гете поэзиясы арасында таңғаларлық үндестікті байқамау мүмкін емес. Абай аудармасының арқасында біз Иоганн Гетенің біршама туындысымен етене таныстық. Соның бірі, әрі бірегейі хакім ана тілімізде сөйлеткен «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі. Осылайша, Абай екі халықтың әдебиеті мен мәдениетін байланыстырушы берік көпірге айналды. Абай мен Гете секілді адамзаттың асыл ұлдарын ардақтау, олардың мұрасын, есімін асқақтату – Сіз бен біздің парызымыз. Бүгін мазмұнды меймандостық дәстүрде өтіп жатқан іс-шара жоғарыда айтып өткен рухани байланысты нығайта береріне сенімім мол», деді Мәдениет және спорт министрі.
Абай Құнанбайұлы мүсінінің авторы - «Әлем халықтарының өнері» Халықаралық Ассоциациясының лауреаты Болат Мекебаев.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар