Әлем • 23 Қазан, 2021

Қытайдағы химиялық зауытта жарылыс болды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенбіде Қытайдың Орталық теледидары Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы химзаводтағы жарылыс салдарынан төрт адам қайтыс болып, үшеуі зардап шеккенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қытайдағы химиялық зауытта жарылыс болды

Жарылыс жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 23:00-де Алашан аймағындағы «Баин Аобао» өнеркәсіптік паркіндегі Zhongguo Chemical компаниясының зауытында болды.

Өрт 23:50-де ауыздықталып, барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Олардың біреуі ауыр жағдайда жатса, екеуі жеңіл жарақат алды.

Өрттің себебі әлі анықталған жоқ, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше