Әлем • 23 Қазан, 2021

Түркия президенті 10 елшінің елден кетуін талап етті

959 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сыртқы істер министрлігіне 10 елшіні «нон грата тұлғалары» ретінде жариялауға бұйрық берді, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Түркия президенті 10 елшінің елден кетуін талап етті

Әңгіме Канада, Франция, Финляндия, Дания, Германия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Швеция және АҚШ дипломаттары жөнінде болды.

«Мен біздің сыртқы істер министрімізге осы 10 елшіні «нон грата тұлғалары» деп жариялау үшін дереу шаралар қабылдауға нұсқау бердім», деді Ердоған Эскишехир қаласында сөйлеген сөзінде.

Хабар түрік басшысының Twitter парақшасында жарияланды.

Тиісті тапсырма түрік белсендісі Осман Каваланы босату туралы үндеулерге жауап ретінде берілді.

Осман Кавала - түріктің ең танымал құқық қорғаушыларының бірі және ұлттық азшылық жобаларын қолдайтын Anadolu Kültür AŞ мәдени қорының негізін қалаушы. Ол түріктердің күрдтер мен армяндармен татуласуын жақтайды. Түрік прокуратурасы Каваланы 2016 жылдың жазында болған мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысқаны үшін айып тағып, қамауға алуға жаңа ордер берді.