Аймақтар • 24 Қазан, 2021

Алматы облысындада көліктен оқ атқан бұзақы ұсталды

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаскелеңде той кортежінде жүрген көліктің салонынан әуеге оқ атқан бұзақы анықталды. Полиция ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысындада көліктен оқ атқан бұзақы ұсталды

Алматы облыстық Полиция департаменті хабарлағандай, Қарайсай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында ер адамның көлік ішінен әуеге оқ атқаны бейнеленген бейне материалды байқады. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында бұл оқиғаның 23 қазан күні сағат 17:30-да Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласының Абылай хан көшесінде орын алғаны анықталды.

«Полиция қызметкерлерінің іздеу іс-шаралары нәтижесінде әуеге оқ атқан адамның аты-жөні анықталды. Ол 25 жастағы Қарасай ауданының тұрғыны болып шықты. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. «Mercedes» маркалы көлік айыппұл тұрағына қойылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 2 тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды. Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жауапқа тарту үшін кортеждің басқа да қатысушыларын анықтау іс-шаралары жүргізіліп жатыр», деп түсіндірді ведомстводан.