Спорт • 24 Қазан, 2021

«Барыс» үшінші рет жеңіліс тапты

112 рет көрсетілді

«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ тұрақты чемпионатында қатарынан үшінші рет жеңіліс тапты , деп хабарлайды Egemen.kz.

24 қазанда елордалық хоккейшілер ҚХЛ тұрақты чемпионатында қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырап, өз алаңда «Северсталға» 1:5 есебімен есе жіберді. Ресейліктер ойынның әр бөлігінде бір шайба соғып, бастапқы екі кезеңде артықшылыққа ие болды. 

Үшінші кезеңнің басында Аркадий Шестаков артта қалуды аздап қысқартты. Бірақ үш гол қатарынан соққан «Северсталь» матчтың нәтижесін шешті. Қарсылас тараптан маңызды шайбаларды Игорь Гераськин, Роберт Рооба және Владислав Кодола соқты.

Келесі матчты «Барыс» 26 қазанда сырт алаңда «Сібір» командасымен өткізеді.

Соңғы жаңалықтар

Бензол – ең құнды шикізат

Аймақтар • Бүгін, 23:33

Азаттық туын асқақтатқан

Қазақстан • Бүгін, 23:23

Ұлысқа ұстын ұғымдар

Таным • Бүгін, 23:18

Елін сүйген Елбасы

Елбасы • Бүгін, 23:02

Ұқсас жаңалықтар